Димитр Иванов Бербатов (; 30 қаңтар 1981 жыл, Благоевград, Болгария) — болгариялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы Карьерасының бастапқы бөлігінде Болгарияның "Пирин", ЦСКА клубтарында доп тепті.

2001 жылы қаңтарда "Байер 04" клубына ауысты. 2001/02 жылғы маусымда клуб Чемпиондар лигасының финалына шықты, Бербатов "Лион", "Ливерпуль" клубтарына гол соқты. Финалда "Байер" "Реал Мадридтен" ұтылып қалды. Бербатов бұл ойынға да қатысты. Жалпы өз карьерасында Чемпиондар лигасы финалында үш рет ойнады, үшеуінде де командасы ұтылды (2009, 2011 жылдары "Манчестер Юнайтед" сапында).

2006 жылы "Тоттенхэмге" ауысты. 2006/07 жылғы маусымда жалпы 49 кездесуде алаңға шығып, 23 голдың авторы атанды.

2008 жылы 1 қыркүйекте "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанды. Манчестерлік клуб сапында төрт маусым ойнады.

Ұлттық құрама 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 48 гол соғып, құрама тарихындағы мергендер көшін бастап келеді.

Жетістіктері

Командалық ЦСКА (София)

Болгария кубогы: 1999

«Байер»

Германия вице-чемпионы: 2002 Германия кубогының финалисі: 2002 Чемпиондар лигасының финалисі: 2002

«Тоттенхэм Хотспур»

Лига кубогы: 2008

«Манчестер Юнайтед»

Англия чемпионы (2): 2008/09, 2010/11 Лига кубогы (2): 2009, 2010 Англия суперкубогы (2): 2010, 2011 Клубтар әлем чемпионаты: 2008 Чемпиондар лигасының финалисі (2): 2009, 2011

Жеке

Англия чемпионатының үздік мергені: 2010/11 Болгарияның үздік футболшысы (7): 2002, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Болгария футболшылары Санат:ЦСКА София ФК ойыншылары Санат:Пирин ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:ПАОК ФК ойыншылары Санат:Болгария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары