Майкл Коджо Эссьен (; 3 желтоқсан 1982, Аккраhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5588, Гана) — ганалық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір Данияның "Норшеллан" клубында бапкер көмекшісі қызметін атқарады.

Гана Ұлттық футбол құрамасы сапында үш рет Африка Ұлттары кубогына (2002, 2008, 2010), екі рет әлем чемпионатына (2006, 2010) қатысты.

Екі дүркін Англия чемпионы ("Челси" сапында), 2008 жылы Ганадағы "жыл футболшысы" атанды.

Жетістіктері

Командалық «Лион»

Франция чемпионы (2): 2003/04, 2004/05 Франция суперкубогы (2): 2003, 2004

«Челси»

Англия чемпионы (2): 2005/06, 2009/10 Англия кубогы (4): 2007, 2009, 2010, 2012 Лига кубогы (1): 2007 Англия суперкубогы (1): 2009 Чемпиондар лигасы (1): 2012

Жеке

Франция чемпионатының символикалық құрамы (2): 2003, 2005 «Челсидің» маусымдағы үздік голының авторы (2): 2007, 2009 Ганадағы жыл футболшысы (1): 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Гана футболшылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бастия ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Панатинаикос ФК ойыншылары Санат:Гана футбол жаттықтырушылары