Альберто Джилардино (; 5 шілде 1982https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5878, Биелла, Пьемонт) — италиялық футболшы, шабуылшы, қазір футбол жаттықтырушысы. 2006 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы 1999 жылы "Пьяченца" сапында кәсіпқой карьерасын бастаған соң, ұзақ жылдар бойы Италияның түрлі клубтарында доп тепті. Тек 2014 жылы Қытайдың "Гуанчжоу Эвергранд" клубында ойнады. Ең табысты жылдары — "Миланда" ойнаған кезеңі (2005-2008), үш маусымда Чемпиондар лигасын, Клубтар әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогын ұтып алды. 2018 жылы "Специя" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, артынша бапкерлікке кірісті.

2004 жылы Афина Олимпиадасына қатысып, қол жүлдегер атанды, 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысып, топтық кезеңнің алғашқы екі ойынында (Гана және АҚШ құрамаларына қарсы) және жартылай финалда Германиямен ойында алаңға шықты. Бұл ойында Дель Пьероға нәтижелі пас шығарды да, Италия 2:0 есебімен ұтып, финалға шықты.

Екі рет Конфедерациялар кубогына (2009, 2013), 2010 жылғы Әлем чемпионатына қатысты.

Ұлттық құрамадағы соңғы матчтарын 2013 жылы күзде өткізді.

Жетістіктері

Командалық

«Милан»

Чемпиондар лигасы: 2006/07 УЕФА суперкубогы: 2007 Клубтар әлем чемпионаты: 2007

«Гуанчжоу Эвергранд»

Қытай чемпионы: 2014

Италия

Жастар арасындағы әлем чемпионы: 2004 Әлем чемпионы: 2006

Жеке

Италиядағы жыл футболшысы: 2005

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Болонья ФК ойыншылары Санат:Гуанчжоу Эвергранд ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Пескара ФК ойыншылары Санат:Специя ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері