Джозеф Джон (Джо) Коул (; 8 қараша 1981, Ромфорд, Лондон) — англиялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы

Клубтық "Челси", "Ливерпуль" секілді атақты клубтарда доп тепті, Үш рет Англия чемпионы атанды. 2003 жылы "Вест Хэм" сапындағы үздік ойыншы атанды, 2006 жылы Англия Премьер-Лигасының "жыл командасы" тізіміне енді.

Ұлттық құрама Үш бірдей әлем чемпионатына (2002, 2006, 2010), бір рет Еуропа чемпионатына (2004) қатысты. 2006 жылғы әлем чемпионатының үшінші турында Швеция қақпасына турнир тарихындағы ең әдемі голдардың бірін соқты, Өзіне әуелеп келе жатқан допты тоқтатпай теуіп, тоғыздыққа қадады.

Жетістіктері

Командалық «Вест Хэм Юнайтед»

Интетртото кубогы: 1999

«Челси»

Англия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2009/10 Англия кубогы (3): 2007, 2009, 2010 Лига кубогы (2): 2005, 2007 Англия суперкубогы: 2005

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары