Солонички құм-қиыршық тас кен орны - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында орналасқан. Нұра өзенінің жайылмасындағы аллювийлі шөгінділердің беткі қабатында. «Казметаллург құрылыс» тресі 1958 жылы барлап, пайдалануда.
Жатыс сипаты Өнімді кен қабаты құмайт және саздақ қабатшалары бар алмакезектесіп тұратын ірі түйірлі және ұсақ түйірлі кварцтық-алаңдық-шпаттық құм болып келеді. Олардың қалыңдығы 42-9,2 м (орта есеппен 6,6 м), аршылған бетінің орташа қалыңдығы (саздақтың) - 2,5 м. Құм-қиыршық тас қоспасы 150-маркалы және одан да жоғары маркалы бетондар (байыту жағдайында), сылақтық және тасқалау ерітінділерін дайындауға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары