Алексей Александрович Воейков (1926 жылы туған) - журналист, жазушы.
Қырғыз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (1954). Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінде, Барнаул және Қарағанды телестудиясында бас редактор болып істеген. 1991 жылдан «Шахтерская неделя» газетінің редакторы.
«Город солнечного камня», «Шахтерские горизонты», «Солонаты, земля» (диқан А. Христенко туралы) кітаптары шықты.
Қазақстан Магниткасы, Қарағанды көмір бассейні, болат балқытушы А. Жүнісов, диқан, Социалистік Еңбек Ері И. Иванов туралы телефильмдердің авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қырғыз мемлекеттік педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақстан бас редакторлары