Көшеге қазақтың ержүрек ұлы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 12.12. 1956 №31 шешімі) берілген. Нүркен Әбдіров (1919-1942) Қарағанды облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысындағы шайқаста өртке оранған ұшағын жау бекінісіне бағыттаған ол немістердің қару мен оқ-дәрі қоймасын талқандаған.
Көше Қарасу өзенін бойлай Райымбек даңғылынан солтүстікте қарай созылып жатыр. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Көшенің ұзындығы - 750 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері