Шаңытбай Досатов (1935, Маңғыстау ауданы Үштаған ауылы – 1982) – педагог, оқу ағарту ісінің үздігі. Бұрынғы Гурьев мұғалімдер интернатын жаратылыс және география мамандығы бойынша (1955), Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының химия және биология мамандығы бойынша (1962) бітірген. 1955 – 82 жылы Маңғыстау ауданы мектептерінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі, интернат, мектеп директоры қызметтерін атқарған. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалінің, бірнеше Құрмет грамоталарының, «Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» атанған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері