Қайырсапа Әтенбекұлы Қазыханов(1922, бұрынғы Гурьев облысы Жамбыл ауылы – 2004) – соғыс ардагері. Еңбек жолын Гонюшкино ауданында есепші болып бастаған. 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, Калинин, 1-Балтық және 3-Белоруссия майдандарында ротаның саяси жетекшісі, батальон парторгі болған. Соғыстан кейін Гурьев (қазіргі Атырау) облысы сауда салаларында әр түрлі басшылық қызметте, 1967 – 87 жылы «Маңғыстаумұнай», «Өзенмұнай» бірлестіктерінде жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде, Өмірзақ кентінде кеңес төрағасы қызметтерін атқарған. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1922 жылы туғандар