Мандала Боранова(1919, Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылы – 1995) – еңбек ардагері, шопан. 1947 – 57 жылы Түрікменстандағы Бекдаш кентіндегі «Қарабұғаз» мекемесінде жұмысшы, 1957 жылдан Маңғыстау ауданы Правда ұжымшарында шопан болып ұзақ жылдар еңбек еткен. Октябрь революциясы орденімен, «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері