Аса ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Аса, Рахат ауылдары кіреді. Орталығы – Аса ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Аса ауылы 8640 12892 149,2 4253 6570 154,5 4387 6322 144,1 Рахат ауылы 408 604 148 209 299 143,1 199 305 153,3 Жалпы саны 9048 13496 149,2 4462 6869 153,9 4586 6627 144,5

Тараз қаласынан солтүстік бағытқа қарай 28 км жерде. Аса өзенінің аңғарына жақын орналасқан. Жер көлемі 6815 га. Бүгінгі күні ауылда "Жеңістің 30 жылдығы" атындағы, "Бауыржан Момышұлы" және "Гагарин" атындағы орта мектептер, М.Төлебаев атындағы саз мектебі, спорт мектебі, аудандық мәдениет үйі, орталықтандырылған кітапхана бар. Аса орталығында аудандық аурухана, аудандық емхана, тіс емдеу бөлімдері және туберкулезге қарсы диспансер орналасқан. Сондай-ақ тарихи-өлкетану мұражайы, аудандық мұрағат, аудандық мемлекеттік органдар, "Талас-Аса" коммуналдық мекемесі, Аса су жүйелерінің басқармасы, Аса темір жол бекеті орналасқан. Рахат елді мекенінде бастауыш мектеп бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері