Бауыржан Сабзалұлы Ибрагимов (1962 жылы 4 қазанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылында туған) — танымал сатира актері. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1993). Құрмет орденінің иегері (2012). Толығырақ Бауыржан Сабзалұлы Ибрагимов 1962 жылы 4 қазанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ауылда шопан болып бастаған. Алматы театр және көркемсурет институтының театр және кино факультетін бітірген (1983). «Тамаша» ойын-сауық театрының белді мүшесі болған. Мәскеуде өткен Халықаралық эстрада артистері байқауының лауреаты (1991). 1992 жылдан өзі ашқан «Бауыржан-шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы 1993 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі құрметті атағымен марапатталған. Құрмет орденінің иегері (2012).

Дереккөздер

Санат:4 қазанда туғандар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Тамаша әзіл-сықақ театры актерлері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары