Дәулет Лайықұлы Байділдинов (14.4.1960 жыл, Украина, Донецк облысы, Артемовск қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1996), профессор (2003). Қазақстан Республикасының Жоғары мектебі ғылыми академиясының корреспондент мүшесі (2003).
ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университте оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы, деканның орынбасары, доцент, Заң ғылыми орталығының директоры (1982–1997), Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің кеңесшісі (1997–1998) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі, декан.
«Экологическое законодательство Республики Казахстан: совершенствование и кодификация» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Шығармалары: Юридическая ответственность за экологические правонарушения, А., 1993; Экологическое законодательство РК, А., 1995; Правовой механизм государственнего управления в экологии, А., 1998.Қазақ энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:14 сәуірде туғандар Санат:1960 жылы туғандар Санат:Артемовскде туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан Жоғары мектебі ғылыми академиясының корреспондент мүшелері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті декандары