Сатыбалды Тілемісұлы Ибрагимов (13.3.1940, Сайрам ауданы Қарасу ауылы - 09.08.2019) – ғалым, экономика ғылымының докторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.

Днепродзержинск қаласындағы (Украина) №8 кәсіптік-техникалық училищені (1959) бітірген. Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасында болат қорытушы болып бастап, басшылық қызметтер атқарды. 1988 – 2000 жылдары «Қазақаймақ» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» фирмасының президенті, бас кеңсесі Лондон қаласындағы «Успатниттің» Теміртау қаласындағы өкілі, «Қазхром» компаниясының президенті болды. 2001 жылдан Еуроазиялық өндірістік ассоциация төралқасының мүшесі. Мәжілісте экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары