Ән айту – дауыс арқылы музыка жасау өнері. Бұл – музыкалық көріністің ең көне түрі, кейбір деректер бойынша адам дауысын алғашқы музыкалық аспап деп санауға болады. Ән айту анықтамасы әртүрлі дереккөздерде әрқалай беріледі. Кейбір көздер ән айтуды дауыс көмегімен музыкалық дыбыстар шығару деп анықтайды. Басқа да жиі кездесетін анықтамаларға «сөздерді немесе дыбыстарды әуезді реттілікпен шығару» немесе «адам дауысы арқылы музыкалық тондарды өндіру» жатады.

Кәсібі (немесе хоббиі) ән айту болатын адамды әнші немесе (джаз немесе танымал музыкада) вокалшы деп атайды. Әншілер музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусіз орындалатын музыкалық шығармаларды (ариялар, речитативтер, әндер және т.б.) орындайды. Ән айту көбінесе хор сияқты музыканттар ансамблімен бірге орындалады. Әншілер солист ретінде де, жалғыз аспаптың (мысалы, көркем әндерде немесе кейбір джаз стиьдерінде) сүйемелдеуінен бастап симфониялық оркестр немесе биг-бэнд сүйемелдеуіне дейінгі әртүрлі құраммен өнер көрсете алады. Әлемде ән айтудың көптеген стильдері бар.

Ән айту ресми немесе бейресми, алдын ала дайындалған немесе импровизацияланған болуы мүмкін. Ол діни ғибадат түрі, хобби, ләззат пен жұбаныш көзі, рәсімнің бір бөлігі, музыкалық білім алу барысында немесе кәсіби қызмет ретінде орындалуы мүмкін. Ән айтуда жоғары деңгейге жету уақытты, берілгендікті, оқытуды және жүйелі түрде жаттығуды талап етеді. Егер жаттығу тұрақты түрде жасалса, дыбыстар айқынырақ әрі күштірек шыға бастайды. Кәсіби әншілер әдетте өз мансабын бір ғана нақты музыкалық жанрға арнайды, мысалы, классикалық немесе рок, алайда бірнеше жанрда сәтті өнер көрсететін әншілер де кездеседі (кроссовер). Кәсіби әншілер әдетте мансабы бойы вокалдық тренерлерден немесе ұстаздардан дауыс жаттықтыру сабақтарын алады.

Ән айтуды рэппен шатастыруға болмайды. Музыка танушы және рэп тарихшысы Мартин Э. Коннордың айтуынша, «рэп көбінесе ән айтуға қарсы қойылуы арқылы анықталады». Рэп те вокалдық музыка түріне жатқанымен, ол тоналдықпен бірдей деңгейде жұмыс істемеуімен және нота биіктігінің дәлдігін талап етпеуімен ән айтудан ерекшеленеді. Ән айту сияқты, рэп те сөздермен байланысты ырпақты пайдаланады, бірақ бұл дыбыстар белгілі бір нота биіктігінде әнмен айтылмай, сөйлеу мәнерінде орындалады. Grove Music Online басылымы былай деп атап көрсетеді: «АҚШ-тағы танымал музыканың тарихи контекстінде рэпті афроамерикалық ағылшын тіліндегі стилистикалық сөйлеу практикасымен тікелей байланыса алатын ән айтудың баламасы ретінде қарастыруға болады». Дегенмен, кейбір рэп-орындаушылар өз музыкасында рэппен қатар ән айтуды да қолданады; тыңдарманның назарын аудару үшін рэптің ырғақты сөйлеу түрі мен әннің әуенді ноталары арасындағы ауысуды айқын контраст ретінде пайдаланады.

Жіктелуі

Жанры бойынша Классикалық (академиялық) опералық ( — жұмыс); камералық ( — бөлме) ариялар, романстарды орындау; эстрадалық — поп-музыка; академиялық мектеппен бірге дамыған және түрлі фольклорлық көздерден бастау алады; халықтық — халық музыкасы, әуен, фолк-музыка; джаздық — джаз, поп-джаз.

Орындаушылар саны бойынша жеке ансамбльдік (дуэт, трио т. б.) хормен

Орындау стилі бойынша әуезді — кантилена декламациялық — речитатив экстремальды (рок-вокал) Сөзсіз ән айту (мысалы, дауысты дыбысқа) — вокализ. Вокализдер, негізінен, оқу-жаттығу туындылары болғанымен, концерттік вокализдар да бар.

Дереккөздер

Санат:Ән айту