Терсәк (башқ. Терһәк, тат. терсәт) - башқұрттардың, ішкі және пермь татарларының этногенезіне қатысқан тайпа.
Тарихы
Терсәктердің шығу тегі туралы бірнеше пікір қалыптасты. Р.Г. Кузеев тайпаның шығу тарихын угорлармен байланыстырған. XVI ғасыр мен XVII ғасырдың басында терсәк тайпасы Чусовая және Уфа өзендерінің жоғарғы ағыстарында мекендеген. 1601 және 1605 жылдары Түмен, Верхотур уездерінде Терсәк болысы белгіленген.
Әдебиет
Кузеев Р. Г. Происхождение башкирского народа. Этнический состав, история расселения. М., 1974; Янғужин Р. З. Башҡорт ырыуҙары: ҡыҫкаса тарихи-этнографик очерктар. Өфө, 1998;
Санат:Башқұрт тайпалары