Mercury Prize (бұрын Mercury Music Prize деп аталған) — Ұлыбритания немесе Ирландия музыкалық ұжымы шығарған жылдың ең үздік альбомына берілетін жыл сайынғы музыкалық марапат. Оны 1992 жылы Brit Awards сыйлығына балама ретінде Джон Вебстер мен Роберт Чендлер Британдық фонограмма өндірушілер қауымдастығы мен Британдық жазба дилерлері қауымдастығының қатысуымен құрған болатын.

Форматы мен қатысу шарттары Британдық немесе ирландтық әртістің, сондай-ақ мүшелерінің 50%-дан астамы британдық немесе ирландтық болып табылатын музыкалық топтың кез келген альбомын олардың лейблі байқауға ұсына алады. Қатысу үшін ақы алынады. Ұсынылған альбомдардың ішінен музыкалық құндылығына ғана қарап, алдыңғы күнтізбелік жылдағы танымалдылығы мен коммерциялық жетістігіне қарамастан, он екі альбом қысқа тізімге (шорт-листке) іріктеледі. Қысқа тізімді Ұлыбритания мен Ирландиядағы музыканттардан, музыкалық жүргізушілерден, продюсерлерден, журналистерден, фестиваль ұйымдастырушыларынан және басқа да сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз қазылар алқасы таңдайды.

Бұл сыйлыққа поп, рок, фолк, урбан, грайм, би музыкасы, джаз, блюз, электроника және классикалық музыка сияқты барлық жанрлар қатыса алады. Марапаттау рәсімі әдетте қыркүйек айында «Жыл альбомы» номинацияларының тізімі жарияланғаннан кейін, қазан айында өтеді. Қысқа тізімге енген немесе жеңімпаз атанған әртістердің (әсіресе онша танымал емес топтардың) альбом сатылымы күрт артатыны байқалады. Қысқа тізімге енген әрбір қатысушыға марапаттау кешінде арнайы әзірленген «Жыл альбомы» кубогы табысталады. Басқа кейбір музыкалық сыйлықтардан айырмашылығы, Mercury Prize сыйлығының бас жүлде иегеріне кубокпен қоса 25 000 фунт стерлинг көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Тарихы Бұл сыйлық өзінің атауын алғашқы демеушісі — Cable & Wireless компаниясына тиесілі Mercury Communications брендінен алған. 2025 жылы марапаттау рәсімі тұңғыш рет Лондондан тыс жерде — Ньюкасл қаласында өтетіні хабарланды.

Бүгінгі таңда Пи Джей Харви — марапатты бірнеше рет (2001 және 2011 жылдары) жеңіп алған жалғыз әртіс. Сондай-ақ ол бұл сыйлықты алған алғашқы әйел әнші атанды. Алекс Тёрнер алты рет номинацияға іліккен (оның бесеуі Arctic Monkeys тобының құрамында, біреуі The Last Shadow Puppets тобымен), оның ішінде бір рет жеңіске жеткен. Том Йорк алты номинация алған (бесеуі Radiohead тобымен және біреуі «The Eraser» альбомы үшін), бірақ бірде-бір рет жеңімпаз атана алмаған.

Марапаттау рәсімі II Елизавета қайтыс болуына байланысты 2022 жылы тарихта тұңғыш рет (және әзірге жалғыз рет) кейінге шегерілді.

Жеңімпаздар 1992: Primal Scream — Screamadelica 1993: Suede — Suede 1994: M People — Elegant Slumming 1995: Portishead — Dummy 1996: Pulp — Different Class 1997: Roni Size/Reprazent — New Forms 1998: Gomez — Bring It On 1999: Талвин Сингх — OK 2000: Badly Drawn Boy — The Hour of Bewilderbeast 2001: Пи Джей Харви — Stories from the City, Stories from the Sea 2002: Ms. Dynamite — A Little Deeper 2003: Dizzee Rascal — Boy in da Corner 2004: Franz Ferdinand — Franz Ferdinand 2005: Antony and the Johnsons — I Am a Bird Now 2006: Arctic Monkeys — Whatever People Say I Am, That’s What I’m Not 2007: Klaxons — Myths of the Near Future 2008: Elbow — The Seldom Seen Kid 2009: Спич Дебелле — Speech Therapy 2010: The xx — xx 2011: Пи Джей Харви — Let England Shake 2012: Alt-J — An Awesome Wave 2013: Джеймс Блейк — Overgrown 2014: Young Fathers — Dead 2015: Бенджамин Клементин — At Least for Now 2016: Skepta — Konnichiwa 2017: Самфа — Process 2018: Wolf Alice — Visions of a Life 2019: Dave — Psychodrama 2020: Майкл Киванука — Kiwanuka 2021: Арло Паркс — Collapsed in Sunbeams 2022: Little Simz — Sometimes I Might Be Introvert 2023: Ezra Collective — Where I’m Meant to Be 2024: English Teacher — This Could Be Texas 2025: Сэм Фендер — People Watching 2026: Raye — This Music May Contain Hope

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания музыкалық сыйлықтары