Бибігүл Бүркітқызы Аққожина (20 қаңтар 1971, Қара-Оба, Қостанай облысы) — Қазақстандық саяси қайраткер; Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.Аққожина Бибігүл
Өмірбаяны 1971 жылы 20 қаңтарда Қара-Оба поселкесінде (бұрынғы Урицкий ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) дүниеге келген. Ұлты — қазақ. 1988 жылы Қостанай қалалық ауруханасында санитар болып жұмыс істеген. 1997 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдаған, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. 1997–2000 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінде жалпы және арнайы психология кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарған. 2000–2002 жылдары Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінде бас маман болып жұмыс істеген. Кейін бөлім бастығы, орынбасар, сосын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2016–2017 жылдары Қостанай қаласының әкімінің орынбасары болған. 2023 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VIII шақырылымына депутаттық мандат алған. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.
Жеке өмірі Тұрмыста, екі баланы тәрбиелеп отыр.
Марапаттары «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі (2015) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2019) «Бірлік» алтын медалі (2020) «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалі (2020) «Белсенді қызметі үшін» партиялық медаль (2022) «Ерен еңбегі үшін» медалі (2024)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары