Сейіт Мұхаммед хан (1823–1864) — 1856–1864 жылдары билік құрған, Хиуа хандығының өзбекВеселовский Н.И., Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб, 1877, с.244 қоңыраттар әулетінен шыққан оныншы билеушісі.
Өмірбаяны 1855 жылы Хиуа билеушісі Мұхаммед Әмин хан Серахс түбіндегі шайқаста қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол қайтыс болғаннан кейін Хорезмдегі билік Абдулла ханға (1855) ауысты, алайда ол да алты айдан кейін көшпелі тайпалармен күресте қаза тапты. Бұдан кейін таққа Құтлық Мұрат хан отырды. Ол қастандық нәтижесінде өлтірілді.
1856 жылы ол қайтыс болғаннан кейін, Хиуа хандығында билікке I Мұхаммед Рахым ханның ұлы Сейіт Мұхаммед хан (1856–1864) келді. Ол мемлекетте тәртіп орнатып, көшпелі тайпалардың шабуылдарына тосқауыл қойды.
Сейіт Мұхаммед ханның билігі кезінде Ресеймен, Осман империясымен, Иранмен және Ауғанстанмен дипломатиялық қарым-қатынастар сақталды. 1858 жылы Хиуада Ресей елшісі Н.П. Игнатьев болды.
1863 жылы Сейіт Мұхаммед хан белгілі саяхатшы Арминий Вамбериді қабылдады.
Сейіт Мұхаммед ханның билігі кезінде Хиуада көрінісхана (салтанатты қабылдау залы) салынды. Осы жылдары тарихшы Агехи Хорезм тарихын жазды. Хорезмнің әйгілі тұлғаларының қатарында композитор, каллиграф әрі кескіндемеші Камил Хорезми (1825–1899) болды. thumb|Хиуа: Ичан қала 1864 жылы мемлекетте билікке оның ұлы II Мұхаммед Рахым хан (1864–1910) келді.
Әдебиет Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. Ташкент, 2005 Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. Под редакцией И.М. Муминова. Ташкент, 1976
Дереккөздер
Санат:Қоңырат әулеті Санат:Хиуада таққа отырғандар Санат:Хорезм билеушілері