Мақаншы ауданы — Абай облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Мақаншы ауылы.
Тарихы Мақаншы ауданы 1928 жылы Семей округінің құрамында құрылды. Ал 1930 жылы таратылды.
Екінші рет Мақаншы ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Алматы облысының құрамында құрылды.
1939 жылы 14 қазанда Мақаншы ауданы Семей облысы құрамына кірді. 1940 жылдың 15 наурызына қарай оның құрамына Ақшоқы, Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Қаратал, Қарғалы, Киров, Көктал, Мақаншы, Петровский және Подгорный ауылдық кеңестері кірді.
1954 жылы Көктал ауылдық кеңесі Петровскіге, Подгорный Ақшоқы ауылдық кеңесіне қосылды. Қарғалы, Қаратал және Жарбұлақ ауылдық кеңестері таратылды.
1957 жылы Қарабұта кенттік кеңесі құрылды.
1959 жылы Ақшоқы ауылдық кеңесі Бақтымен біріктірілді. Жарбұлақ ауылдық кеңесі құрылды.
1963 жылы 2 қаңтарда Мақаншы ауданы таратылып, оның аумағы Үржар ауданына берілді.
1969 жылы 14 мамырда Мақаншы ауданы қалпына келтірілді. Оның құрамына Үржар ауданының Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Киров, Мақаншы және Петровский ауылдық кеңесі кірді.
1974 жылы Қарабұлақ, 1975 жылы - Ақшоқы, 1983 жылы - Қаратал, 1986 жылы - Көктал ауылдық кеңестері құрылды.
1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес болған: Ақшоқы, Бақты, Благодарный, Жарбұлақ, Қарабұлақ, Қарабұта, Қаратал, Киров, Көктал, Мақаншы, Петровский.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1991 жылы Петровский ауылдық кеңесі Көктерек болып өзгертілді.
1993 жылы Жарбұлақ ауылдық кеңесі Қабанбай, Киров — Қаратұма болып өзгертілді.
1997 жылы 3 мамырда Семей облысының таратылуына байланысты Мақаншы ауданы Шығыс Қазақстан облысына берілді.
1997 жылы 23 мамырда Мақаншы ауданы таратылып, аумағы Үржар ауданына берілді.Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мақаншы ауданы Үржар ауданынан бөлініп, төртінші рет қайта құрылды.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Географиялық орны Батысында Үржар, солтүстігінде Ақсуат аудандарымен, оңтүстігінде Жетісу облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 16462 21462 38438 39225 43141
Әкімшілік бөлінісі 18 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ақшоқы ауылдық округі Ақшоқы ауылы 2 855 Бақты ауылдық округі Бақты ауылы 1 2068 Келдімұрат ауылдық округі Келдімұрат ауылы 2 1276 Көктал ауылдық округі Көктал ауылы 1 631 Көктерек ауылдық округі Көктерек ауылы 3 1535 Қабанбай ауылдық округі Қабанбай ауылы 1 3929 Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы 2 1534 Қарабұта ауылдық округі Қарабұта ауылы 1 1035 Қаратал ауылдық округі Қаратал ауылы 3 1420 Қаратұма ауылдық округі Қаратұма ауылы 1 1255 Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылы 1 11929 ЖАЛПЫ САНЫ — 1827467
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Мақаншы 11929 Қабанбай 3929 Бақты 2068 Қарабұлақ 1414 Қаратұма 1255 Келдімұрат 1199 Көктерек 1040 Қарабұта 1035
Әкімдері Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин (02.2024 жылдан бастап)
Экономикасы Аудан арқылы жалпы ұзындығы 187 км республикалық маңызы бар «Бақты-Таскескен» автожолы өтеді. Бұдан бөлек, болашақта маңызы зор «Бақты-Аягөз» теміржол желісі өтетін болады.
Ауданда экономиканың негізгі бағыттары: тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісі және туризм саласын дамыту үшін әлеуеті жоғары.
Бүгінде аудандағы Жалаңашкөл ауылында «Фирма Мадина» ЖШС (көмір өндіру) кәсіпорны жұмыс істейді. Ол 2022 жылы 758,8 млн теңге сомасына немесе жалпы өндіріс көлемінің 31,8% өнім өндірді.МАҚАНШЫ АУДАНЫ ҚАНША АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕН ТҰРАДЫ
Тағы қараңыз Мақаншы ауданының веб-сайты
Дереккөздер
Санат:Мақаншы ауданы