Марқакөл ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Марқакөл ауылы.

Тарихы Марқакөл ауданы Семей округінің құрамында 1928 жылы 17 қаңтарда Семей облысы Зайсан уезінің Дарственный және Пограничный болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекітілген)Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі анықтамалығы (1920 ж. тамыз — 1936 ж. желтоқсан), А-А, 1956., С. 200.. Оның құрамына жеті селолық кеңес (Боран, Черняев, Горный, Өспен, Шүмек, Алексеев, Архипов) және үш ауылдық кеңес (Шығыр, Қалжыр, Терісай) кірдіШығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, ф. 752, оп. 2, д. 489, л. 33..

БОАК 1930 жылғы 23 шілдедегі жарлығымен Қазақ АКСР-інде округтік бөлініс жойылып, іріленділген аудандарға негізделген аудандық бөлініс енгізілді. Осыған байланысты Марқакөл ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылы 17 желтоқсаннан бастап тікелей республикалық бағыныста болған Зайсан және Катонқарағай аудандарыныңҚазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі анықтамалығы (1920 ж. тамыз — 1936 ж. желтоқсан), А-А, 1956, — С. 212. құрамына енді.

1939 жылы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Зайсан және Катонқарағай аудандарының шағындалуына байланысты Марқакөл ауданы 1932 жылдың 20 ақпанынан бастап болған Шығыс Қазақстан облысының құрамында қайта құрылып, құрамында он ауылдық кеңестерді біріктірді: Алексеев, Архипов, Горный, Қалжыр, Өспен, Шығыр, Бобров, Бұғымүйіз, Орлов, ПролетарШығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, ф. 752, оп. 2, д. 147, л. 1..

1954 жылғы 13 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ауылдық кеңестердің бір бөлігі: Өспен және Алексеев - Алексеев, Бұғымүйіз бен Орлов — Орлов, Қалжыр мен Шығыр — Шығыр ауылдық кеңестеріне біріктірілдіҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ф. 1109, оп.5, д. 511, л. 104.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 26 қыркүйектегі жарлығымен ауылдық кеңестер: Бобров, Орлов және Пролетар - Бобров, Боран және Шығыр - Боран, Горнов және Архипов - Горнов ауылдық кеңестеріне біріктірілдіҚР ОМА, ф. 1109, оп. 5, д. 633, л. 32..

1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Марқакөл ауданы екінші рет таратылды, аумағы Күршім ауылдық ауданы құрамына кірдіКСРО Жоғарғы Кеңесінің тізімдемелері, 1963 ж., №12, 169—172 б..

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өнеркәсіптік аудандарға бөліну тоқтатылды. Күршім ауданынан жаңадан құрылған Марқакөл ауданына: Алексеев, Бобров, Боран, Горнов ауылдық кеңестері берілдіКСРО Жоғарғы Кеңесінің тізімдемелері, 1965 ж., №2, 44 б..

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1967 жылғы 12 шілдедегі № 353 шешімімен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 29 мамырдағы қаулысына сәйкес Черняев ауылдық кеңесі құрылдыШығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, ф. 176, оп. 3, д.1061, л. 15..

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 28 маусымдағы жарлығымен Қарой ауылдық кеңесі құрылдыКСРО Жоғарғы Кеңесінің тізімдемелері, 1972, №29, 37 б..

1986 жылы аудан құрамына 6 ауылдық кеңес кірген: Алексеев, Бобров, Боран, Горный, Қараой, Черняев.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлініс

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы жарлығымен Марқакөл ауданы үшінші рет таратылып, аумағы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының құрамына ендіГазета «Казахстанская правда», 24 мамыр 1997, № 121.Марқакөл ауданы. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Марқакөл ауданы төртінші рет құрылып, Күршім ауданының құрамынан бөлініп шықты.Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Географиялық орны Аудан батысында Күршім, солтүстігінде Катонқарағай, оңтүстігінде Зайсан аудандарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Халқы 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 2009 2021 17532 21720 22222 2245812477 7814

Әкімшілік бөлінісі 23 елді мекен 5 ауылдық округке біріктірілген:

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақбұлақ ауылдық округі738 243 32,9 372 140 37,6 366 103 28,1 Боран ауылдық округі 2901 1697 58,5 1465 909 62 1436 788 54,9 Қалжыр ауылдық округі2543 1514 59,5 1272 771 60,6 1271 743 58,5 Марқакөл ауылдық округі5124 3531 68,9 2561 1804 70,4 2563 1727 67,4 Төсқайың ауылдық округі1171 829 70,8 604 459 76 567 370 65,3 ЖАЛПЫ САНЫ 12477 7814 62,662744083 65 6203 3731 60,1

Дереккөздер

Санат:Марқакөл ауданы