Роберт Дейвид «Робби» Кинhttp://bigenc.ru/text/4413041 (, ; 8 шілде 1980https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3144, Дублин, Ирландия) — ирландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Рой Киннің туған інісі.

Мансабы Клубтық Карьерасында Англия, Италия, Шотландия, АҚШ, Үндістан чемпионаттарында доп тепті.

Ұлттық құрама 2002 жылы Ирландия құрамасы араға 12 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды да, Робби Кин негізгі құрам ойыншысы ретінде турнирге барды. Топтық кезеңнің екінші матчында Германия қақпасына соңғы минутта гол соғып, құраманы жеңістен құтқарып қалды. Соңғы турда Сауд Арабиямен ойында есеп ашты, бұл ойында Ирландия 3:0 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда тағы да 90-минутта Испанияның қақпасына пенальтиден гол соғып, құраманы тағы да жеңілістен құтқарғанымен, пенальтилер сериясында Ирландия ұтылып қалды.

Арада екі жыл өткен соң құрамадағы 21-ші голын соғып, Нил Куиннді басып озды да, рекорд жасады. Карьерасын аяқтағанша құрамадағы голдарын 67-ге жеткізіп, Ирландия тарихындағы ең мықты футболшыға айналды.

2012 және 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Бапкерлік 2018 жылы "Атлетико Калькутта" сапында ойыншы-бапкер қызметін атқарды. Көп ұзамай Ирландия ұлттық құрамасында бапкер көмекшілігі қызметіне тағайындалды.

Жетістіктері

Командалық Ковентри Сити

Англия жастар кубогының финалисі: 2000

Интернационале

Италия суперкубогының финалисі: 2000

Ливерпуль

Англия чемпионатының күміс жүлдегері: 2008/09

Тоттенхэм

Англия лига кубогы: 2008

Селтик

Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері: 2009/10

Лос-Анджелес Гэлакси

MLS кубогы (3): 2011, 2012, 2014

MLS Supporters’ Shield жүлдесі: 2011

Ирландия құрамасы

Еуропа чемпионы (19 жас): 1998

Жеке

Ирландия құрамасының үздік мергені (67 гол) Жанкүйерлер сауалнамасы бойынша "Селтиктің" үздік ойыншысы: 2009/10 Англия премьер лигасының үздік ойыншысы: тамыз 1999, қаңтар 2001, ақпан 2007 Шотландия Премьер-лигасының үздік ойыншысы: наурыз 2010 Ирландия құрамасын сапында әлем чемпионатында ең көп гол соққан футболшы: 3 гол MLS лигасының ең қымбат ойыншысы: 2014 MLS символикалық құрамасы: 2012, 2013, 2014, 2015

Дереккөздер

Сілтемелер

Профилі

Санат:Ирландия футболшылары Санат:Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары Санат:Лидс Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары