Леонид Леонидович Ковель (; 29 шілде 1986https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/26348, Сморгонь, Гродно облысы) — беларусьтік футболшы, шабуылшы.

Карьерасы

Клубтық Карьерасында Беларусь, Украина, Қазақстан, Ресей, Латвия чемпионаттарында оп тепті. 2001 жылы РУОР командасының фарм клубында карьерасын бастады. 2003 жылы 17 жасына "Динамо" (Минск) клубына ауысты. Астаналық клуб сапында үш маусым ойнады, 2005 жылы чемпионатта 9 гол соғып, клубтың үздік мергені атанды.

2007 жылдың басында Украинаның "Карпаты" клубымен келісім шарт жасасты.

2008 жылы "Сатурнға" ауысып, екі маусымда бір гол да соға алмады, 2011 жылдың басында үш жылдық үзілістен соң "Динамоға" қайта оралды. 2012 жылғы маусымды Минскінің тағы бір клубы "Минск" сапында өткізіп, Беларусь чемпионатында сегіз гол соқты.

2013 жылы Павлодардың "Ертісіне" ауысты. Бірақ жарақатының кесірінен алаңға көп шыға алмай, жыл ортасында "Минскіге" қайта оралды.

Халықаралық Ұлттық құрама сапындағы карьерасын ерте бастады, 2004 жылы 18 тамызда Түркияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. Құрама сапында барлығы 17 кездесу өткізді. Бірақ 25 жастан кейін шақырылмай қойды. Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Беларусь футболшылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Карпаты Львов ФК ойыншылары Санат:Сатурн ФК ойыншылары Санат:Минск ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Неман Гродно ФК ойыншылары Санат:Белшина ФК ойыншылары