Гаэтано Ширеа (; 25 мамыр 1953 жылhttp://www.treccani.it/enciclopedia/gaetano-scirea_(Dizionario-Biografico)/, Чернуско Суль Навильо, Италия — 3 қыркүйек 1989 жыл, Бабск, Польша) — италиялық футболшы, қорғаушы. 1982 жылғы әлем чемпионы. Мансабы Карьерасын 1972 жылы "Аталанта" клубында бастады. 24 қыркүйекте "Кальяриге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 1974 жылы "Ювентуске" ауысты.

1984-88 жылдары "Ювентустың" капитаны болды.

1978, 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына, 1980 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

1989 жылы 3 қыркүйекте "Ювентустың" УЕФА кубогындағы болашақ қарсыласы "Гурник" клубының базасынан Варшаваға қарай әуе рейсіне үлгеру үшін асығыс жол алды. Польшада жол апатынан қайтыс болды. Машинаның жүк салғышында 4 ыдыста бензин болған, көлік жанып кеткен. Полиция 13 сағат дегенде қаза болғандарды әзер анықтады.

Жетістіктері

Командалық

«Ювентус»

Италия чемпионы (7): 1974/75, 1976/77, 1977/78, 1980/81, 1981/82, 1983/84, 1985/86 Италия кубогы (2): 1979, 1983 УЕФА кубогы: 1977 Кубок иелері кубогы: 1984 Чемпиондар кубогы: 1985 УЕФА суперкубогы: 1984 Құрлықаралық кубок: 1985

Италия

Әлем чемпионы: 1982

Жеке

Италия футболының құрмет залы: 2011

Дереккөздер

Сілтемелер

Статистикасы Статистикасы (RSSSF.com)

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары