Мұса Тұрсынғалиев (23 шілде 1994 жыл, Екібастұз, Павлодар облысы) — қазақстандық кәсіби боксёр, жартылай жеңіл салмақ категориясында күреседі. Кәсібилер арасында WBA-NABA USA (2018 жылдан бері) версиясы бойынша чемпион, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай және Жапониядағы әуесқойлар арасында өткен 2013, 2014, 2015 жылғы халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Әуесқой бокста 200 ұрыстың 185-де жеңіп шықты.Путь воина | Боксер Мусса Турсынгалиев, о профессиональной карьере и жизни за границей | El.kz
Әуесқой мансап Екібастұз қаласында 9 жасынан бокспен айналыса бастады. Әуесқой рингте 200 ұрысқа қатысып, 185 жеңіп, 15-де жеңілді. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай, Жапониядағы "А классы" турнирлерінің жеңімпазы.
Кәсіби мансабы Кәсіби рингте 2017 жыл 10 қарашада дебют жасады. Мексикан Хесус Видальді 3 раундта нокаутпен жеңді. 2018 жылы 3 раундта тәжірибелі Луис Хиноджосаны нокаутпен жеңіп, WBA-NABA USA титулын иемденді.Не дожидаясь Головкина: казахстанский профи анонсировал большие бои | prosports.kz
Дереккөздер
Санат:Қазақстан боксшылары