Фульвио Колловати (; 9 мамыр 1957 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/17210.html, Теор, Удине) — италиялық футболшы, қорғаушы. 1982 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы "Милан" клубының түлегі. 1976-82 жылдары "Милан" сапында 158 рет Италия А сериясында алаңға шықты.

1982 жылғы әлем чемпионатынан соң "Интернационалеге" ауысты. Кейін "Удинезе", "Фиорентина", "Рома", "Дженоа" клубтарында доп тепті.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1979 жылы 24 ақпанда Нидерланд құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. 1980 жылы Еуропа чемпионатына, 1982, 1986 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Италия чемпионы: 1978/79 Италия кубогы: 1976/77 Әлем чемпионы: 1982

Дереккөздер

Сілтемелер

Ұлттық құрамадағы матчтары

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары