Хосе Луис Кучуффо (; 1 ақпан 1961https://www.national-football-teams.com/player/21652.html, Кордова — 11 желтоқсан 2004, Баия-Сан-Блас, Буэнос-Айрес профинциясы) — аргентиналық футболшы, қорғаушы. 1986 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы Карьерасын 1980 жылы "Чако Фор Эвер" клубында бастады.

1986 жылғы әлем чемпионатының алдында ғана құрама шақырылды. 1986 жылғы әлем чемпионатында тұрақты түрде ойнап, бірнеше кездесуде (соның ішінде финал да бар) алаңға шықты. Кейін 1987, 1989 жылдары жылы Америка кубогында өнер көрсетті.

1987-90 жылдары атақты "Бока Хуниорста" ойнады.

1993 жылы "Бельграно" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

2004 жылы аң аулап жүріп, байқайсызда серігінің атқан оғы бұған тиіп кетіп, ауруханаға жеткенше қайтыс болды.

Жетістіктері

Әлем чемпионы: 1986 Америка кубогының қола жүлдегері. 1989

Дереккөздер

Сілтемелер Кучуффо жайлы мақала (Clarin)

Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Велес Сарсфилд ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары