Харальд Антон (Тони) Шумахер (; 6 наурыз 1954https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/39670, Дюрен, ГФР) — ГФР-лік футболшы, қақпашы. 1980 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы
Клубтық Карьерасын 1972 жылы "Кельн" клубында бастады. 1987 жылға дейін ешқайда табан аудармай, Германия бундеслигасында 422 кездесуде алаңға шықты.
1987 жылы "Шалькеге" ауысты. Бір маусымда 77 гол жіберіп алып, бұл клубта ұзақ айналмады, 1988 жылы-ақ "Фенербахчеге" ауысып кетті. Үш маусым бойы түркиялық клубтың жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды.
1991 жылы "Баварияның" екі бірдей қақпашысы Раймонд Ауманн мен Свен Шойер жарақат алып, Шумахер сонда шақырылды.
1992 жылы бапкерлікке ауысты. Бірнеше жылдар бойы "Шальке", Бавария", "Боруссия Дортмунд" клубтарында қапашылар бапкері боп қызмет атқарды. 1995/96 жылғы маусымның соңғы турында "Боруссия Дортмунд" сапында үш минуттай алаңда ойнады. Бұл оның бундеслигадағы 464-ші кездесуі боп тіркелді.
Ұлттық құрама 1979 жылы аңыз қақпашы Зепп Майер құрамамен қоштасты да, орнын Шумахер басты. Бір жылдан соң Еуропа чемпионы атанды.
1982 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен ойында доп үшін таласта француз Патрик Баттистонға шынтағы оңбай тиіп, Баттистон алаңды ес-түссіз тәрк етіп, ауруханаға жөнелтілді. Осы тәртіпсіздігі үшін Шумахердің атына түрлі ауыр әңгімелер айтылды, Кейін Шумахер көпшілік алдында Баттистоннан кешірім сұрады.
1987 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
1994 жылы 7 тамызда Санкт-Петербургтегі Ізгі ниет ойындарында әлем құрамасы сапында Ресей құрамасына қарсы ойында алаңға шықты.
Жетістіктері
Командалық
ГФР
Еуропа чемпионы: 1980 ӘЧ финалисі (2): 1982, 1986
«Кёльн»
ГФР чемпионы: 1978 ГФР кубогы (3): 1977, 1978, 1983
«Фенербахче»
Түркия чемпионы: 1988/89 Түркия суперкубогы: 1990
«Боруссия» (Дортмунд)
Германия чемпионы: 1996
Жеке
ГФР-дегі жыл футболшысы (2): 1984, 1986 Әлем чемпионатының үздік қақпашысы: 1986
Дереккөздер
Сілтемелер
http://www.worldfootball.net/spieler_profil/toni-schumacher_2/
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары