Дитмар Якобс (; 28 тамыз 1953, Оберхаузен, ГФР) — германиялық футболшы, қорғаушы. 1986 жылғы әлем чемпионатының финалисі.
Карьерасын "Рот-Вайсс" (Оберхаузен) клубында бастады. Үш маусым ойнаған соң, 1974 жылы "Теннис" клубына ауысты да, 1977 жылға дейін 100-ден аса кездесуге қатысты.
1977 жылы "Дуйсбургке" ауысты. Екі жылдан соң "Гамбургке" өтті де, карьерасының қалған бөлігінде осы клубта ойнады. "Гамбург" сапында 1982, 1983 жылдары ГФР чемпионы атанды, 1983 жылы Еуропа чемпиондар кубогында да топ жарды.
ГФР құрамасы сапында 20 кездесу өткізді. Соңғы матчын 1986 жылғы әлем біріншілігің финалында Аргентинаға қарсы өткізді. Бұл ойында ГФР 2:3 есебімен ұтылып қалды. Дереккөздер
Сілтемелер
https://www.national-football-teams.com/player/16816.html
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дуйсбург ФК ойыншылары Санат:Рот-Вайсс (Оберхаузен) ФК ойыншылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары