Амедео Карбони (6 сәуір 1965https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7566, Ареццо, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. 1996 жылы Еуропа чемпионатына қатысқан.
Карьерасы Карьерасында бірнеше италиялық клубтарда ойнады. 1997 жылы "Валенсияға" ауысып, 40-тан асқанша сол жерден ешқайда кетпеді.
Футболды аяқтаған соң 2006 жылы "Валенсияның" спорттық директоры боп тағайындалды. Бірақ клуб бапкері Кике Санчес Флореспен кикілжіңге келе беріп, бір жылдан соң қызметтен босады. Бірақ ұзамай Флорес те клубтан кетті.
2009 жылы жазда Бельгияның "Мускрон" клубына да дәл осындай қызметке орналасты. Бұл жерде бұрынғы клубтас досы Мирослав Джукичпен бірігіп жұмыс істеді. Бұл қызметте де ұзақ орнықпады, сол жылы желтоқсанда Джукичпен бірге қызметтен кетті.
Жетістіктері
Италия кубогы: 1989, 1991
Кубок иелері кубогы: 1990 Испания чемпионы: 2002, 2004 Испания кубогы 1999 Испания суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 2004 УЕФА суперкубогы: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ареццо ФК ойыншылары Санат:Бари ФК ойыншылары Санат:Эмполи ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары