11 Қыркүйек Ұлттық Мемориалы және Мұражайы () — нәтижесінде 2,977 адам қайтыс болған 11 қыркүйек, 2001 жылы болған шабуылға және нәтижесінде 6 адам қайтыс болған 1993 жылғы лаңкестікке арналған Нью-Йорк қаласындағы мемориал және мұражай. Бұл мемориал және мұражай 2001 жылы осы шабуылдан кейін қираған Дүниежүзілік сауда орталығының орнында орналасқан. Басында «Дүниежүзілік Сауда Орталығы Мемориалы» деп аталуы керек еді, бірақ, 2007 жылы болған ұтыстың нәтижесінде атауы өзгертілді. Мұны коммерциялық емес ұйым басқарады, бұл ұйымның міндеті Дүниежүзілік Сауда Орталығының орнында тұрған мемориал және мұражайға қаражат жинау, бағдарламалау және жөндеу жұмыстарын өткізу.

Мемориал шабуылдан және Дүниежүзілік Сауда Орталығының қирауынан кейін құрбандар және құтқару, қайта жөндеу операцияларына қатысқандар үшін бірден жоспарланған болатын. Бұл жобаның авторы америко-израильдік архитектор Майкл Арад, ландшафтық дизайны Питер Уокермен бірге құрылған бюолатын. Мемориалдың құрылысы 2006 жылдың тамыз айында «Дүниежүзілік Сауда Орталығы Мемориалы» ұйымының және Нью-Йорк пен Нью-Джерсидің порт әкімшілігінің қолбасшылығымен басталды.Trade Center Memorial Name Changes, Gets Longer | The New York Observer Дизайн Даниэль Либескиндтің бастапқы бас жоспарына сәйкес келді, ол мемориалдың көше деңгейінен 30 футқа (9,1 метрге) төмен тұрғанын талап етті. Ол Егіз Көктіреген ғимараттардың ізінде тұрғанын талап етті.

Салтанатты ашылу рәсімі лаңкестік оқиғалардан он жыл өткен соң, яғни 11 қыркүйек 2011 жылы өтті, және келесі күні ол көпшілікке ашылды.

Жобалар сайысы 11 қыркүйектегі терактілерден қайтыс болғандарға құрмет ретінде Дүниежүзілік Сауда Орталығы Мемориалының жобасына 2003 жылы «Төменгі Манхэттенді Дамыту» корпорациясы халықаралық сайысты жариялады. Жеке адамдар мен топтар өздерінің жобалық ұсыныстарын жіберді. 2003 жылдың 19 қарашасында он үш қазылар мүшесі сегіз финалисті таңдады. 2004 жылдың 6 қаңтарында жеңімпаз таңдалды, ол «Жоқтықтың көрінісі» жобасы болды. 2004 жылы 14 қаңтарда Нью-Йорктегі Федерал Холлда өткен баспасөз конференциясында мемориалдың соңғы нұсқасы ұсынылды.

Мемориал 4 қаңтар 2005 жылы коммерциялық емес ұйым, «Дүниежүзілік Сауда Орталығы Мемориалы» қоры өзінің алғашқы отырысын өткізді. Мемориалдың құрылысына қаражат жинау туралы шешім қабылданды. 2008 жылға қарай 350 миллион доллар жиналды. Мемориалды басқаратын қордың бірнеше мақсаты болады:

Мұражай 11 қыркүйек мұражайы 2014 жылдың 15 мамырында арналып, көпшілікке 21 мамырда ашылды. Оның коллекциясында 40,000 астам кескін, 14,000 артефакт, 3,500 астам ауызша жазбалар, және 500 сағаттан астам видео бар.

Мұражайға жалпы кіру билеттері $24 құрайды, және бұл баға қауіп туғызады. Федералды қаржыландыруды көбейту үшін Майкл Блумберг адамдарды «өздерінің конгрессменіне жазуға» шақырды."The Approval Matrix" . New York, February 3, 2014, p.100

15 мамыр 2014 жылы құрбан болғандардың отбасыларына және жедел жауап қату қызметтеріне ашылған кезде, оның кәдесыйлардан пайда көруі және тағы бірнеше мәселе кейбір адамдардың нарзылығын тудырды.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Instagram Twitter Мемориалдың фотолары 11 Қыркүйек Ұлттық Мұражайына Google виртуалды туры

Санат:Дүниежүзілік сауда орталығы Санат:2013 жылы пайда болғандар Санат:2001 жылғы 11 қыркүйектегі теракт құрбандарына арналған мемориалдар Санат:2014 жылы соғылған ғимараттар мен құрылыстар Санат:АҚШ мұражайлары