thumb|right|200px|Стив Джобс MacWorld 2008 таныстырымындағы түйінсөз кезінде MacBook Air-ді таныстыруда. Бұл оның Macworld-қа соңғы шығуы. Стивсөз (немесе Стив Джобстың түйінсөз баяндамалары, ) - Apple компаниясының бұрынғы бас директоры Стив Джобс жасаған түйінсөз баяндамаларына берілген ауызекі термин болып, Джобстың Apple Worldwide Developers Conference, Macworld Expo және Apple Expo секілді іс-шараларда сөйлеген түйінсөздеріне қаратылады. Осы түйінсөздерде көп санды Apple өнімдерінің алғашқы шығарылымы жұртқа таныстырылғандықтан, "Стивсөздер" Apple акцияларының бағасына айтарлықтай өзгеріс тудырды.
Джобстың 2011ж, 6 Маусымда iCloud (Apple-дің бұлтты есептеу сервисі) жүйесін жариялауы оның соңғы Стивсөзі болды. Сол күні OS X Lion және iOS 5 туралы да айтылды. Бұл оның 24 тамызда бас директорлық қызметінен кеткенге дейінгі және сол жылы 5 қазанда қайтыс болғанға дейінгі соңғы көпшілік алдында шығып сөйлеуі болды. Тарихы 1996ж-дың соңында Apple кампаниясы NeXT-ті сатып алды, Джобс 11 жылдық үзілістен кейін Apple-ге қайта оралды, ол Apple-дің құрушысы болса да, 1985ж Apple-ден кеткен болатын. (11 жыл ішінде Джобс Pixar Animation Studios-тың алғашқы нұсқасын 5 млн долларға сатып алып, әлемдік үлкен компанияға айналдырды.) 1997ж-дың ортасында түйінсөз баяндамасын жасап, компанияның мәртебесі туралы егжей-тегжейлі есеп берді, Microsoft бас директоры Билл Гейтс спутниктік бейнеде көрінді. Джобс Майкрософтпен серіктестік байланыс орнатып, бірнеше маңызды келісімдерқа қол қойғанын жариялады, оның айтуынша бұл Apple-ге пайда әкеледі, әрі аталған компанияны 1990жж басы мен ортасындағы ұзаққа созылған құлдыраудан құтқарып, қайта қалпына келуге мүмкіндік береді. Түйінсөзде екі маңызды хабарландыру жасалды: Microsoft Office (Office 98) бағдарламасының келесі шығарылымы Macintosh үшін дамытылады, ал Microsoft Internet Explorer бағдарламасы Macintosh компьютерінде әдепкі веб шолғыш болады. Аудиторияның дүрлігуіне қарамастан, Джобс серіктестіктің Apple-ге не үшін тиімді болғанын түсіндірді:
Дереккөздер
Санат:Баяндамалар Санат:Әдеби мотивтер Санат:Apple Санат:Стив Джобс Санат:Apple конференциялары