Рас әл Гул ( арабша رأس الغول — «Әзәзілдің басы» () ресми ағылшын аудармасы) — DC Comics ғаламының суперзұлымы, Бэтменнің жауы. Деннис О’Нил және Нил Адамс ойлап тапқан. Алғаш рет Batman #232 (1971 маусым) комиксінде дебют жасады.
Комикстердегі түпнұсқа оқиғасы «Рас әл Гул» есімі арабшадан сөзбе сөз аударғанда «Гулдың басы» дегенді білдіреді. Гул дегеніміз жын-перілермен байланысты мақұлық. «Әзәзілдің басы» деген ағылшынша аударма тура емес. Рас әл Гулдың шынайы есімін ешкім білмейді. Белгілісі ол бірнеше жүздеген жыл өмір сүріп келеді, ол кезінде египеттік перғауынның емшісі болған. Лазарь шұңқырында суға жуынғаннан кейін ол мәңгілік өмірге ие болып, көптеген монархтардың билігін, көптеген империялардың құлауын өз көзімен көрген. Оның ғұмырында талай ашулармен жаулап алулар орын алған. Осы жылдар бойы Рас әлемді шарлап біліммен байлық жиған. XX ғасырда Лазарь Шұңқыры Расты есінен адастырды — ол Жерде жұмақ орнату үшін, дүниежүзілік геноцидті жүзеге асыруды қалаған.
Дереккөздер
Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:DC Comics Санат:DC Comics суперзұлымдары Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:Бэтмен