Йорг Хайнрих (, 6 желтоқсан 1969 жылhttp://www.zerozerofootball.com/player/jorg_heinrich/current/profile/0/default/4639 , Ратенов) — германиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1997 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Карьерасы 1998 жылы әлем чемпионатына, 1999 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.

Карьерасында бірнеше германиялық клубтарда доп тепті. 1998 жылғы әлем біріншілігінен соң "Фиорентинаға" ауысып, екі маусым ойнады. 2000 жылы бұрынғы клубы "Боруссияға" қайта оралды (1997 жылы осы клуб сапында Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын).

2003 жылы "Кельн" клубына ауысып, бір жыл ойнады.

Карьерасының соңғы жылдарында әуесқой клубтардың намысын қорғап, 2011 жылы 42 жасында футбол ойнауды доғарды.

Жетістіктері

УЕФА Чемпиондар лигасы: 1997 УЕФА кубогының финалисі: 2002 Құрлықаралық кубок: 1997 Германия чемпионы: 1996, 2002 Италия чемпионатының күміс жүлдегері: 1999

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Статистикасы

Санат:ГДР футболшылары Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фрайбург ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Унион Берлин ФК ойыншылары