Патрик Бергер (; 10 қараша 1973https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3218, Прага) — чехословакиялық және чехиялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы Карьерасын 1991 жылы "Славия" сапында бастады. "Славияда" ойнап жүріп 1993 жылы Чехословакия құрамасына шақырылды, бірақ құрамада екі ойын ғана өткізді, 1993 жылдың соңында Чехословакия екіге бөлінді де, Бергер Чехия құрамасында ойнап, құрамадағы карьерасын жалғастырды.
1995 жылы "Боруссияға" ауысып, бір маусымнан соң "Ливерпульге" өтті. "Ливерпуль" сапында 2003 жылға дейін ойнады.
Осы аралықта екі рет Еуропа чемпионатына қатысты. 1996 жылғы Еуропа біріншілігінде Чехия финалға шықты да, Германиямен сынға түсті. Осы кездесуде Бергер пенальтиден есеп ашқанымен, Бирхофф екі гол соғып кетіп, алтын жүлде Германияға бұйырды.
Осы жылдың соңында Бергер Чехиядағы жыл футболшысы атанды.
Жетістіктері
Клубтық Боруссия
Германия суперкубогы (1995) Германия чемпионы (1996)
Ливерпуль
Англия кубогы (2001) Лига кубогы (2001, 2003) УЕФА кубогы (2001) Англия суперкубогы (2001) Еуропа суперкубогы (2001)
Халықаралық Чехия құрамасы
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
Жеке
Чехиядағы жыл футболшысы (1996)
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі мен статистикасы Профилі мен статистикасы "Легенды Энфилд аңыздары" Liverbird.ru Статистикасы
Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Славия Прага ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары