Аққолқа бейіті – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Шалқар ауданы, Бозой ауылынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 28,9 км жерде орналасқан.
Тарихи дерек, сипаты Бейіт Аққолқа деген жерде тұрғанымен экспедициялар, сондай-ақ обаға қарсы күрес стансасының картасында "Бала мола" деп түсірілген. Себебі, бейіттің ішінде жас баланың қабірі сияқты кішкентай төмпешіктер бар. Кесене ішінің бояуы сол күйінше сақталған. Өзі күйдірген кірпіштен салынған. Жауын-шашын мен жел-құздың аздаған әсері болмаса, кесене бұзылмаған, сол күйінде тұр. Осы кесенеден оңтүстікке қарай 30 м жерде кірпіш күйдіретін пеш бар. Бірақ, бұл кесенені тұрғызған кім, онда кімдер жерленген, ол жағы белгісіз. Бұл деректерді Шалқар обаға қарсы күрес стансасының биологы Алмат Амандосұлы Баймырза берді."Шалқар" энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері