Қадиан (; ) – Амритсардың солтүстік-шығысындағы Гурдаспур ауданының көлемі жағынан төртінші қаласы және муниципалды кеңесі. Қ. Үндістанның Пенджаб штатында, Батала қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Қ. әлемге Исламдағы Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрушысы Мырза Ғұләм Ахмедтің туған жері ретінде танымал болған.

Тарихы

Қадианды, 1530 жылы ислам дін қайраткері және сол аймақтағы ең алғашқы қазы (шариғат соты) Мырза Хади Бек тұрғызған. Мырза Хади Бек - Ұлы Моғол мемлекетін құрған патша әулетінен шыққанды. Оның «Мырза» деген титулы болған. Сол себепті, оның ұрпақтарында өз есімдеріне «Мырза» титулын жалғау салты бар. Мырза Хади Бек Самарқаннан (қазіргі Өзбекстан) көшіп келіп, Пенжабқа қоныстанған. Ол әйгілі әмірші Ақсақ Темірдің ұрпағы. Мырза Хади Бектің Бабыр патшамен әулеттік байланысы болған, Бабыр патша оның қарамағына 80 ауылды мекенді беріпті. Осы 80 ауылды мекеннің басқарма орталығы «Ислам Пур Қази» деген атауға ие болды. Ол осы жерден қалған иеліктерін басқарған. Кейіннен, қаланың атауы «Қази мәжи» дегенге ауыстырылды. («Мәжи» сөзі буйвол дегенді білдіреді. Бұндай ірі қара малы әлі күнге шейін сол жақта көп.) Кейін келе қала «Қази» деп қана аталды, сосын, ақыр соңында, Қадиан (Қазиан) болып танылды.

Кейін келе, Қадиан мен сол жақтағы аудандар Рамгархия сикхтарының қол астына өткен. Олар Қадиан әміршілеріне есесіне екі ауылды мекенді ұсыныпты, бірақ олар одан бас тартқан. 1834 жылы, махараджа Ранджит Сингхтың билік ету тұсында, Кашмирді, Махадиді, Кулу алқабын, Пешеварды және Хазарды әскери тұрғыда сүйемелдеу үшін, Қадиан мен көрші бес ауыл Мырза Ғұләм Мұртазаға беріліпті.

1889 жылы Қадианнан шыққан ғұлама Мырза Ғұләм Ахмед Ахмадия мұсылман жамағатының негізін құрды. Осылайша, бұрындары онша таныла қоймаған, шалғайда жатқан Қадиан ауылды мекені діни ұйымның орталығына айналды. Қ. қаласы 1947 жылға дейін Ахмадия жамағатының әкімшілік орталығы болып тұрды. 1947 жылы Үндістан екі дербес елге бөлінген кезде, жамағаттың басым көпшілігі Пәкістанға көшіп барды.

Жағрафия

Қадианның кординаты 31,82 ° N 75,39 ° E. Қала орта биіктікте орналасқан, 250 метр.

Демография

2013 жылы Үндістанда жүргізілген санақ бойынша, Қ.-ның тұрғындар саны 40827 адам. Ерлер 54%, әйелдер 46% құрайды. Қ. халықының сауатылығы орташа 75%, бұл Үндістан бойынша орташа мөлшер 74,04%-дан сәл жоғарырақ. Ерлер арасында сауаттылық 78%, әйелдер арасында 70%. Қ.-да 6 жасқа дейінгі тұрғындар саны 10%.

Үндістан екіге бөлінгенге дейін, Қ.-ның басым көпшілік тұрғындары мұсылмандар болған. 1947 жылдан бастап, Қадианның басым тұрғындары сикхтер мен үндістердің Праджапати Кумхар, Патия, брахмандар, Арья-самадж және Баджва секілді рулық қауымдары. Олардың көпшілігі Үндістан екіге бөлінгенде, пәкістандық Пенжабтан көшіп келген. Мысалға, Баджва қауымы Калашвали Халса Пенжабтан көшіп келген, қазір ол жер Пәкістанға қарайды. Сондай-ақ, Лахордағы сикхтердің ұлттық колледжі де Қ.-ға көшірілген.Sikh National College Qadian Ахмадия мұсылман жамағатының басым көпшілігі, Үндістан екіге бөлінгенде, Пәкістанға көшіп барған. Дегенмен, қазіргі уақытта да ахмадилер Қ.-да баршылық, олар Ахмадия жамағатына қарасты мешіттер мен басқа ғимараттарға қамқорлық етеді.

Басты мекемелері

Медициналық мекемелер «Нұр» ауруханасы. «Бхатия» ауруханасы. Спидті емдеу орталығы («Пушкарна»).

Білім беру мекемелері С. С. Баджва — Мемориалды орта мектебі. «Тәлимүл Ислам» орта мектебі. Ахмадилік университет «Жәмийя Ахмадия» «Нұсрат Жаһан» — қыз балаларға арналған орта мектеп. «Нұсрат Жаһан» — қыз балаларға арналған колледж. Компьютерлік білім беру Ахмадия Орталығы. А.В.М. орта мектебі. «Дайя Нанад» — веда ілімін ағылшынша үйрену мектебі. «Халиса» бастауыш мектебі. Жаңа заман компьютер орталығы.

Әйгілі ескерткіштері

Ақ мұнара Мүбәрәк мешіті

Түсініктемелер

Санат:Үндістан қалалары