Алмағанбет Ахун Бұхарбайұлы (1869 жыл - 1943 жыл Шалқар ауданы, Тұмалыкөл ауылы (бұрынғы №19 ауыл) — ахун, ауыл молдасынан сауат ашып, 12 жасында Қожаназар ишанның медресесінде білімін жалғастырады. Кейін Бұхараға барып оқып, білімін тереңдетіп, қол тапсырып, "ахун" атағын алып, шәкірттерге дәріс береді.
Елге оралған ахун Тұмалыкөл ауылының Көкпектікөл деген жерінде мешіт ұстап, бала оқытқан. Еліміздің мұсылмандар дүниесінің рухани көсемдерімен тығыз байланыста болған.
17 желтоқсан 1937 жылы Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген және ишан А.Төлегеновпен тығыз байланыста болған деген айыппен 10 жылға сотталған, 1943 ж. Барнауыл түрмесінде көз жұмған. 1989 жылы ақталған "Шалқар" энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:1869 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Репрессия