Чистякова Анастасия АндреевнаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозының егіншілер бригадасының звеношысы. 1911 жылы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Осиновка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы Қазақстанда колхоз ұйымдастыру кезінде алғашқылардың бірі болып колхозға кіріп жұмыс істейді. Алдыңғы қатарлы колхозшы болған оны балалар алаңы меңгерушілерін дайындайтын курсқа жібереді. Курсты бітірген соң 1933-1941 жылдары колхоздың балалар алаңының меңгерушісі болып істейді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған ерлердің орнына колхозға жұмысқа шығып, көк-сағыз өсірушілер звеношысы болады. Көк-сағыз өсірудегі жоғарғы көрсеткіштері үшін бағалы сыйлықтармен және 1945 жылы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады. 1946 жылы астық бригадасының звеношысы болып тағайындалады. Оның бригадасы осы жылы межеленген 14,5 центнер бидайдың орнына 44 гектар жердің әр гектарынан 20 центнерден, ал 8 гектар жердің әр гектарынан 30 центнерден 62 кг өнім алады.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) Ленин ордені (1948) "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Ленин ордені (1949)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері