Швед Григорий МакаровичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Ақтөбе облысы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) , Мәртөк МТС-і тракторшылар бригадасының бригадирі (1938). 1918 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Покровка селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1933 жылы "Путь Социализма" колхозында колхозшы болып істейді. 1935 жылы өз колхозында тракторшы болады. 1938 жылы Мәртөк МТС-да тракторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. 1939 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін "За отвагу", "За взятие Вены" және "За победу над Германией" медальдарымен наградталады. 1946 жылы соғыстан оралған соң бригадирлік жұмысын жалғастырады. Осы жылы оның бригадасы тракторлық жұмыс жоспарын 100,5% орындайды. 1947 жылы сапалы тракторлық жұмыстардың арқасында колхоз 960 гектардың әр гектарынан 9,5 центнерден бидай алады, жоспар 164,6%-ке орындалып, жоғарғы көрсеткішке қол жеткізеді.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері