Шәкіров НүсінбекГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, 1936-1950 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), 28 гвардияшылар ауданы, "Доланалы" колхозының председателі болған. 1901 жылы Талдықорған облысы, Кривошеевка ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1931 жылы "12 лет Октября" (Кривошеевка ауылы) колхозына жұмысқа кіріп, сол жылы колхоздың председателі етіп тағайындалады. 1936 жылы "Доланалы" колхозының председателі болады. Ұлы Отан соғысына қатысып майдандастарымен бірге жеңісті жақындатты. 1943 жылы 26 тамызда ауыл шаруашылығындағы табыстары үшін КСРО Егіншаруашылығы Халық Комиссариаты "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісімен, 1945 жылы 20 қарашада КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградтайды. 1946 жылы астық дәнді дақылдар өнімінің жоспары 938 гектардан 125% орындалады - өнім межеленген 9,6 центнердің орнына орта есеппен әр гектардан 12 центнерден болады. Сол жылы 11 қаңтарда Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. 1947 жылы жоспарды 144,5% -ке орындайды - 10,8 центнердің орнына әр гектардан 15,6 центнерден астық жиналады.

Наградалары "Отличник социалистического сельского хозяйства" төс белгісі (1943) "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1945) Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері