КРАСНОУРАЛЬСК ЖЕР АСТЫ СУЫ, Орал қ-нан солт-ке қарай 10 – 12 км жерде (Жайық өз-нің аңғарында) орналасқан су көзі. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде. Жер асты суының деңгейі 3 – 10 м тереңдікте байқалады. Ұңғымадағы су шығымы 25,0 – 28,5 дм³/с-қа дейін жетеді. Суы ішуге жарамды, сондай-ақ жер суғаруға да пайдаланылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Красноуральск жер асты суы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.