Криптон (ежелгі грек. κρυπτός; лат. kryptos – "жасырын"; Kr) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент; инертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Тұрақты 6 изотопы (78 – 86), жасанды жолмен алынған 18 радиоактивті изотопы бар. К-ды 1898 ж. ағылш. химиктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. К. түссіз, иіссіз газ, балқу t –157,1 °C, қайнау t –153,2 °C. Молекуласы бір атомнан тұрады. К. табиғатта атмосферада (салмақ бойынша 0,0003%) кездеседі.

Сыртқы электрондық қабатының 8 электроны тұрақты болғандықтан хим. реакцияға өте баяу түседі. К. молекулааралық күштер әсерінен қосылыстар түзеді. К. газ ажыратқыш түтіктерде, лазерлерде, криптонды шамдарда, т.б. қолданылады.

Табиғатта кездесуі Атмосфералық ауаның құрамы көлемі бойынша 1,14⋅10-4%, атмосферадағы жалпы қоры 5,3⋅1012м³. 1 м³ ауада шамамен 1 см³ криптон бар.

Ауадан криптон алу энергияны қажет ететін процесс. Сұйытылған ауаны ректификациялау арқылы криптонның бірлік көлемін алу үшін миллионнан астам ауа көлемін өңдеу қажет.

Жердің литосферасында криптонның тұрақты изотоптары (тұрақсыз нуклидтердің ыдырау тізбегі арқылы) ұзақ өмір сүретін радиоактивті элементтердің (торий, уран) өздігінен ядролық ыдырауы кезінде түзіледі, бұл процесс атмосфераны осы газбен байытады. Құрамында уран бар минералдардың газдарының құрамында 2,5-3,0% криптон (салмағы бойынша).

Әлемнің қалған бөлігінде криптон литий, галлий және скандиймен салыстыруға болатын жоғары пропорцияда кездеседі. Әлемдегі криптонның сутегіге қатынасы негізінен тұрақты. Бұдан жұлдыз аралық материя криптонға бай деген қорытынды жасауға болады. Криптон ақ ергежейлі RE 0503-289 да табылған. Өлшенген мөлшер күннен 450 есе көп болды, бірақ криптонның мұндай көп болуының себебі әлі белгісіз.

thumb|left|160px|Сэр Уиллиам Рамсэй, криптонды ашушы

Санат:Химиялық элементтер Санат:Асыл газдар