Кривое – Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Дубровное ауылының солтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 133 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 13,8 км. Жағалауы жайпақ, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Жағалауының шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы.‎

Санат:Қызылжар ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері