Қазбек Ботаев (1957. Қызылорда облысы Шиелі ауданы) – тележурналист.
ҚазМУ-ді бітірген (1984). Еңбек жолын Қызылорда қаласының №235 мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімдігінен бастаған. Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында тілші (1994), редактор (1995), "Жаңалықтар қызметінде" редактор, аға редактор (1998).
Облыстық теледидардың тікелей эфирінде "Жүздесу", «Көкейтесті» хабарларын қазақ және орыс тілдерінде жүргізген. "Три по сто" (Три сюжета по сто секунд) авторлық бағдарламасын бір жыл көлемінде дайындап, эфирге шығарды. Бүгінде Жаңалықтар қызметінің редакторы. Көркем аудармамен айналысады. Қазақстан журналистер одағының мүшесі."Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5
Дереккөздер
Санат:1957 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қазақстан журналистері