"Ботақан" – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі-түсті, 1 бөлімді, қазақ тіліндегі деректі фильмі (1980) .

Бұл – Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы түйе өсіретін "Байқадам" кеңшары жайлы көріністі фильм. Түсірілімдерде: ботаның туылуы, оның айналадағы әлеммен танысуы, дала, киіз үй, қашадағы түйелер, түйе жүндеу, інген сауған келіншек, түйе жүнінің теңдері сияқты түйелі ауылдың тіршілік-тынысы ерекше жылылықпен баян етіледі.

Реж. – Б.Онопко, операторы – А.Федулов."Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5

Дереккөздер

Санат:1980 жылғы фильмдер Санат:КСРО фильмдері