Үлкен бейнарық () – қазтәрізділер отряды үйректер тұқымдасына жататын құс.
Қазақстанның тауларында және тау етектерінде кездеседі. Салмағы 1 – 2 кг-дай денесі ірі болады. Ұшы ілмекше иілген ұзын тұмсығы бар. Бейнарық суда жақсы жүзіп, сүңгиді. Жеңіл де тез ұшады.
Аталығының басы, жоны, қанатының ұшы жылтыр, денесінің басқа бөлігі ақ түсті, қызыл тұмсықты, аналығының басы жирен, алқымы ақ болып келеді.
Бейнарық – жыл құсы. Қазақстанға ақпанның орта шенінде ұшып келіп, балығы мол өзендер мен көлдер маңында ұялап, 8 – 15 сарғыш түсті жұмыртқа салады, оны аналығы 32 күн басады. Қазан – қараша айларында Атлант, Тынық мұхит жағалауларына ұшып кетеді. Негізінен балықтармен, сондай-ақ су жәндіктерімен, су жыланымен, моллюскалармен қоректенеді. Әуесқой аңшылардың аулауына рұқсат етілген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бейнарықтар Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:Еуразия құстары Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар