Оқиғалар
Қаңтар
1 қаңтар - Қызыл Әскер Польша шекарасы бойындағы әскерлерінің санын 4-тен 20 дивизияға дейін көбейтті. 16 қаңтар - Ұлттар Лигасы Парижде өзінің алғашқы кеңес отырысын өткізді. 17 қаңтар - АҚШ-та алкогольді ішімдіктерге тыйым салған құрғақ заң күшіне енді. 28 қаңтар - Ыстамбұлда Түркия Парламенті Ұлттық ант қабылдады. Бұл ант Тәуелсіздік декларациясын жариялады.
Ақпан
2 ақпан - Қызыл әскер Хиуаға кірді. 24 ақпан - Адольф Гитлер алғаш рет НСДАП бағдарламасының әйгілі 25 тармағын айтты.
Наурыз
13 наурыз - Генерал Вальтер фон Лютвицтің еріктілер корпусының бөліктері Берлинді басып алды. Веймар республикасының Президенті Фридрих Эберт пен үкімет Штутгартқа қашты. Вольфганг Капптың үкіметі құрылды (Капп Бүлігі). 17 наурыз - Германиядағы Капп бүлігі сәтсіздікке ұшырады. Вольфганг Капп Швецияға қашты, бұрынғы үкімет билікке оралды.
Сәуір
1 сәуір - "25 тармақ" бағдарламасы деп аталатын НСДАП ресми бағдарламасы бекітілді.
нобай|НСДАП-тың 25 тармағы тұралы құжат.
26 сәуір - Хиуада Хорезм Халық Кеңес Республикасы жарияланды.
Мамыр
7 мамыр - Украин және поляк әскерлері Киевке кірді. Украин халық республикасының үкіметі қалаға оралады. 16 мамыр - Швейцариядағы референдум Ұлттар Лигасына кіруді қолдады. 17 мамыр - Франция және Бельгияның әскерлері Германиядан кетті.
Маусым
4 маусым - Трианон келісімі бойынша одақтас державалар мен Мажарстан арасында бейбітшілік қалпына келтірілді. Мажарстан өз аумағының 72%-нан айырылды. 8 маусым - Финляндия мен Эстония дипломатиялық қатынастар орнатты. 12 маусым Панама каналы ресми түрде ашылды. Қызыл әскер Киевті қайтарып алды.
22 маусым - Грек әскерлері Мәрмәр теңізінің оңтүстік жағалауында түрік әскерлеріне қарсы шабуылға шықты. 29 маусым - Қытай Республикасы Ұлттар Лигасына кірді.
Шілде
1 шілде - Германия поляк-кеңес соғысында өзінің бейтараптығын жариялады . 2 шілде - Қызыл Әскер Польшаға шабуылын жалғастырды. 8 шілде - АҚШ РСФСР-мен сауда-саттыққа эмбарго белгілеу туралы жариялады. 11 шілде - Қызыл әскер бөлімшелері поляк әскерін Минскіден шығарды.
Тамыз
10 тамыз - Антанта елдері мен Түркия арасындағы Севр келісіміне қол қойылды. 13 - 25 тамыз - Варшава үшін Қызыл әскер мен Польша арасында шайқас болды. Қызыл әскер жеңіліске ұшырады.
нобай|Варшава шайқасындағы поляк сарбаздары.
26 тамыз - Қырғыз(Қазақ) АССР құрылды.
Қыркүйек
5 қыркүйек - Махатма Ганди Үндістанда Британдық биліктен тәуелсіздік алу үшін "ынтымақтастық емес" қозғалысты бастады. 27 Қыркүйек - Кеңестік Ресей Польшамен бейбітшілік сұрады. 29 қыркүйек - Адольф Гитлер алғаш рет Аустрияда көпшілік алдында Венада, Инсбрукта және Зальцбургте сөз сөйледі.
Қазан
8 қазан - Бұхарада бұхара халық кеңестік республикасы жарияланды. 14 қазан - Тартуда Кеңес және Финляндия үкіметтері арасында бейбіт келісіміне қол қойылды. 27 қазан - Ұлттар Лигасы өзінің штаб-пәтерін Швейцарияның Женева қаласына көшірді.
Қараша
2 қараша - АҚШ-ғы президенттік сайлауда Республикалық партияның кандидаты Уоррен Гардинг жеңіске жетті. 15 қараша - Женевада Ұлттар Лигасының бірінші Ассамблеясы өтті . 18 қараша - РСФСР-де түсік жасатуға рұқсат етілді.
Желтоқсан
2 желтоқсан - Шамамен 3 ай болған түрік-армян соғысын аяқтаған Александрополь келісіміне қол қойылды. 7 желтоқсан - Палестина мандатының алғашқы жобасы Ұлттар Лигасына ұсынылды. 5 желтоқсан - Грекиядағы Референдум монархияны қалпына келтіруді қолдады. 10 желтоқсан - Ұлыбритания Ирландияның оңтүстігінде әскери жағдай жариялады. 13 желтоқсан - Германияның Бонн қаласында Haribo кондитерлік компаниясы құрылды. 16 желтоқсан - Гансудағы жер сілкінісі екі жүз жетпіс мыңнан астам адамның өмірін қиды. 17 желтоқсан - Албания Ұлттар лигасына қабылданды.
Туғандар Тағы қараңыз: :Санат:1920 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қараңыз: :Санат:1920 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Түсініктемелер
*