Оқиғалар

Қаңтар 1 қаңтар - Норвегия астанасы Кристианиядан Ослоға өзгертілді. 3 қаңтар – Бенито Муссолини депутаттар палатасында диктатурасының басталуына жол берген маңызды сөздерің айтты. 21 қаңтар - Албания республика болып жарияланды. 31 қаңтар – Ахмет Зогу Албания Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.

Ақпан 16 ақпан - Қарақалпақ автономиялық облысы құрылды. 28 ақпан - Шарлевуа-Камоураска (Солтүстік Американың солтүстік-шығысында) жер сілкінісі болды.

Наурыз 2 наурыз – Албанияның алғашқы республикалық конституциясы қабылданды, онда президент Ахмет Зогқа диктаторлық өкілеттік берілді. 4 наурыз Исмет Инөнү Түркияның премьер-министрі болып тағайындалды. Калвин Кулидж Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде инаугурация жасады. Бұл радиодан тікелей эфирде көрсетілген алғашқы президенттік инаугурация. 6 наурыз – Кеңес Одағында Еуропадағы ең көне балалар газеттерінің бірі «Пионерская правда» газеті құрылды. 12 наурыз - Гоминьдан партиясының көшбасшысы және Қытайдың тұңғыш президенті Сунь Ятсен қайтыс болды.

Сәуір 10 сәуір – Царицын қаласы Сталинград деп өзгертілді. 17 сәуір – Кореяның Коммунистік партиясы құрылды. 21 сәуір – Чуваш Автономиялық облысы Чуваш АССР-і болды. 28 сәуір – Стэнли Болдуин үкіметінің бюджетін ұсына отырып, қазынашылық канцлері Уинстон Черчилль Ұлыбританияның алтын стандартына оралатынын жариялады.

Мамыр 5 мамыр – Жапония 25 жастан асқан барлық ер адамдарға дауыс беру құқығын беретін жалпы сайлау туралы заң қабылдады. 13 мамыр - КСРО кеңестерінің 3-ші съезі Түрікмен Кеңестік Социалистік Республикасы мен Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО құрамына қосылуы туралы қаулы қабылдады.

Маусым 13 маусым – Американдық инженер Чарльз Фрэнсис Дженкинс алғаш рет «радиокөрудің алғашқы көпшілікке көрсетілуінде» 48 жолды және механикалық жүйені пайдаланып кескін мен дыбысты синхрондалған түрде беруді жүзеге асырды. 17 маусым – Женевада улы, тұншықтыратын және басқа да газдар мен биологиялық агенттерді соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттамаға қол қойылды.

Шілде 1 шілде - Гуанчжоу үкіметі өзін Қытайдың жалпы ұлттық үкіметі деп жариялады. 18 шілде - Адольф Гитлер Германияда өзінің жеке манифесі «Майн Кампфтың» бірінші томын жариялады. 25 шілде - Кеңес Одағының телеграф агенттігі құрылды.

Тамыз 8 тамыз – Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі расизм үстемдігін жақтайтын ұйым Ку-клукс-клан Вашингтонда шамамен 30 000-35 000 адам қатысқан шеру өткізу арқылы өзінің танымалдылығын көрсетті. 20 тамыз - Рим қаласында алғашқы метрополитен ашылды. 25 тамыз - Франция әскерлерін Германияның Рур аймағынан эвакуациялауды аяқтады.

Қыркүйек 5 қыркүйек - Григорий Зиновьев, Лев Каменев, Григорий Сокольников және Владимир Лениннің жесірі Надежда Крупская Сталинге қарсы ортақ наразылыққа қол қойды. Кейіннен Зиновьев, Каменев пен Сокольников Сталиннің тазарту саясатының құрбанына айналып, өлім жазасына кесілді. 18 қыркүйек - Орталық атқару комитетінің төралқасы мен Кеңес Одағының халық комиссарлары кеңесі «КСРО мемлекеттік сақтандыруы туралы қаулыны» бекітті. 27 қыркүйек - Қытайдың Шаньдун провинциясында Хуанхэ өзеннің тасқынынан жүздеген адам қаза тапты, бұл 1887 жылғы топан судан бергі ең үлкен су тасқынына әкеп соқты. 30 қыркүйек - Грек диктаторы Теодорос Пангалос елдің құрылтай жиналысын таратып, оның ұлт сенімін жоғалтқанын және оны қалпына келтіруге кедергі келтіргенін хабарлады. Кейін Пангалос жаңа сайлау болатының жариялады.

Қазан нобай|28 қазанда Мысырда Тутанхамон перғауынның мумиясы мен алтын маскасы табылды. нобай|1925 жылдың 2 қазанында Джон Логи Бэрд алғашқы теледидарлық бейнені бастады. 3 қазан - Буэнос-Айресте Батыс жарты шар елдерінің Пан-Америка тас жолының құрылысын талқылауға арналған алғашқы конференциясы басталды. 5 қазан – Швейцарияда Германия мен еуропалық державалардың қатысуымен Локарно конференциясы басталды. 19–29 қазан - Грек сарбазы кездейсоқ шекарадан өтіп, шекарашылардың қолынан жарақат алғаннан кейін Болгария мен Грекия арасында қысқа мерзімді қақтығыс орын алды. 25 қазанда генерал Эмилиано Чаморро Никарагуада президент Карлос Солорсаноға қарсы көтеріліс бастады. Бұл азаматтық соғысқа басталуға жол берді. 31 қазан - Иран мәжілісі елді бір ғасырдан астам уақыт бойы басқарған Қаджар әулетінің құлатылғанын ресми түрде жариялады. Бұл шешім ескі монархияның ақырына әкеліп, Реза шах Пехлевидің билікке келуіне жол ашты.

Қараша 9 қараша - Германиядағы Адольф Гитлердің жеке күзеті ретінде Schutzstaffel (SS) ресми түрде құрылған күні. 12 қараша - Италия үкіметі Америка Құрама Штаттарына әскери қарызын 0,4 пайыздық бекітілген пайыздық мөлшерлемемен өтеуге келісті. 15 қараша Америка Құрама Штаттарындағы алғашқы ұлттық кәсіби баскетбол лигасы, Бостоннан Чикагоға дейін созылып жатқан Америка баскетбол лигасы (ABL) өзінің алғашқы маусымын тоғыз командамен бастады. Эрих Людендорфтың 2000-ға жуық неміс фашистік жақтастары Локарно келісімдеріне қарсы наразылық білдіру үшін Берлин қалалық сарайының алдында жиналды. 19 қараша - Президент Калвин Кулидж Нью-Йорк штатының Сауда палатасына жолдаған сөзінде Америка Құрама Штаттарын Халықаралық Сотқа қосылуға шақырды.

Желтоқсан нобай|1925 жылдың желтоқсанында шығарылған IG Farbenindustrie AG компаниясының акциялары. 15 желтоқсан Реза Шах ант қабылдап, Пехлеви әулетінен шыққан Парсының алғашқы шахы болып тағайындалды. Жапонияның соғыс министрлігі Оңтүстік Манджурия теміржолын және Мукден маңындағы басқа да жапон мүдделерін қорғау үшін Маньчжурияға 3500 әскер жіберді. 25 желтоқсан – IG Farben компаниясы Германиядағы алты химиялық компанияның бірігуі арқылы құрылды. 18-31 желтоқсан – Мәскеуде Бүкілодақтық Коммунистік партияның (большевиктер) 14-ші съезі өтті, онда индустрияландыру бағыты қабылданды.

Қазақстанда 19 сәуір - Кеңестердің V Бүкілқазақ съезінде халықтың шынайы атауын қалпына келтіру туралы ресми шешім қабылданды. Тиісінше Қырғыз АССР Қазақ АССР болып өзгертілді.

Туғандар Тағы қара: :Санат:1925 жылы туғандар

Қайтыс болғандар Тағы қара: :Санат:1925 жылы қайтыс болғандар

Тағы қараңыз

Дереккөздер

*