Серікқали Жаманбаев (1955, Атырау қаласы). Қазақполитехникалық институтын бітірген (1977). 1977-1986 жылдары— Каспий маңы барлау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, ауысым бастығы, Аудандық инженерлік-техникалық қызмет бастығының орынбасары. 1986-1990 жылдары — Қазақ ГБГЗИ Атырау сынақ-әдістемелік экспедициясында бұрғылау партиясының бастығы. 1990-1995 жылдары — ОИТҚ бастығы, «Атырау мұнай газ геология» бірлестігі Солтүстік Ембі мұнай-барлау экспедициясында және «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау барлау жұмыстары басқармасында бас технолог. 1996 жылдан «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында өндірістік-техника бөлімінің бастығы, бас инженер, Атырау қабаттардың мұнай өнімділігін арттыру және ұңғыларды күрделі жөндеу басқармасының бастығы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдыққоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Пайдаланғанәдебиет

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Тұлғалар